Current Date: 14-03-2025

Алматыда шетелдіктер ұсталды

Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті рейдтер барысында 29 шетелдік ұсталған.

"Олардың 25-і қаладағы құрылыс нысандарында жұмыс істесе, тағы төртеуі зауытта жұмыс істеген. Тағы екі шетелдік заңсыз жолаушылар тасымалдап, такси жүргізушісі болып жұмыс істегенін айта кеткен жөн. Шетелдіктердің барлығы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды", — деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Алматы полициясы көші-қон ережелерін сақтау елдегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі екенін еске салды.

Еске салайық, бұған дейін 700-ге жуық шетелдік таксист жазаланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!