Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы қай қалада өтетінін айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
"Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз.
Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына 100 жыл толып отыр.
Осы ретте құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын", — дейді президент.