Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қоғамда жалған ақпарат таратушылар бар екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сондай-ақ бүгін Бекзат Алтынбеков, одан бұрын Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Светқали Нұржан қоғамдық әдеп мәселесін қозғады. Бұл өте орынды деп ойлаймын. Қазір әлеуметтік желіде адамға тіл тигізу, ар-намысын аяққа таптау көбейіп кетті. Жалған мәлімет таратушылар бар. Мұндай келеңсіз үрдістерді тыю жолын қарастыру керек", — деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың IV отырысы биыл Бурабайда өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай — Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті:
- І Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытау облысында өтті.
- ІІ Ұлттық құрылтай 2023 жылы Түркістан қаласында өтті.
- ІІІ Ұлттық құрылтай 2024 жылы Атырауда өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!