Current Date: 16-03-2025

Торғай - Ырғыз бағытында жаңа жол салынады

Транскаспий халықаралық көлік дәлізі еліміздегі бірнеше өңірдің дамуына тың серпін береді.

Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы өтетін күре жол жүк тасымалы мен және жолаушылар қатынасын айтарлықтай жеделдеті. Себебі қазір Ақтөбе облысынан шыққан көлік елордаға Қостанай қаласы арқылы қатынауға мәжбүр. Жаңа жол еліміздің орталығы мен батыс аймағы арасын 560 шақырымға қысқартады. Бұл шалғайдағы елді мекен халқы үшін көптен күткен жаңалық.

Блиц:

- 7-9 сағат жүретін шығар. Одан да көр жүреді. Жол жаман ол жақта. Жол салу керек. Жолда барлық адамның жағдайын жасаған жақсы ғой. Тез барады, тез келеді. Барлық жаққа қатынайды.

- Негізі актуальный мәселе деп ойлаймын. Ақшаны соған жұмсау керек. Себебі бүкіл Қазақстанның облыстарында, БҚО, Атырау, Ақтауда жолдың сапасы жақсы. Тек Ақтөбенің жолының жағдайы нашар. Сол олқылықтың орнын толтыру керек деп ойлаймын.