Current Date: 16-03-2025

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда биологиялық әралуандықты қорғау қорын құруды ұсынды

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Ұлттық құрылтайда Президент экология, табиғат, тазалық, жерімізді қастерлеуге орай көп әңгіме айтты. Балқаш көлінің айналасында Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру әрекетіне тоқталып, келесі кезекте ілбістердің санын көбейтуіміз керек деді.

Халықаралық биологиялық әралуандықты қорғау қорын құруды, оған өзі жетекші болуға дайын екенін жеткізді.

Тағы бір сөз айтты: Өз ұлтыңды өзгелерден биік қою түптің түбінде жарға жығады. Қазақ халқы өзгелерден кем емес, бұл – ақиқат, бірақ артық та емес деп айтуымыз керек. Қазақ халқын данышпан деп айтсақ қателеспейміз. Дегенмен дүние жүзінде данышпан халықтар аз емес. Бұл да – ақиқат. Мұндай пікір кейбір адамға ұнамауы мүмкін. Алайда көпшіліктің көңілінен шығамын деп тура сөзден жаңылуға болмайды.

Шын мәнінде, әр ел басқа жұрттан даму деңгейіне қарай озбақ. Бұл нақыл бірінші кезекте өздеріне қарата айтылған сөз екенін іс басындағылар білуі керек.