Current Date: 17-03-2025

"Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Бүгін, 17 наурызда "Наурыз жұмыскер " ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Отбасы банктің"баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Отбасы банк" Instagram-дағы парақшасында "Наурыз жұмыскер" бағдарламасына қатысушыларға хабарландыру жариялады. Банк өкілдері оған қатысу үшін не істеу керегін айтты.

"Жұмыс орнынан алынған анықтамамен және жылжымайтын мүліктің жоқ екені туралы анықтамамен аймақтағы кез келген Отбасы банкінің бөлімшесіне (кеңес беру орталықтарынан басқа) алдын ала квалификациядан өту үшін жүгіну қажет", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бағдарламаға келесі салалардағы қызметкерлер қатыса алады:

  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы
  • Тау-кен өндірісі
  • Өңдеу өнеркәсібі
  • Энергиямен қамтамасыз ету
  • Сумен жабдықтау, қалдықтарды жою
  • Құрылыс
  • Көлік және қоймалау