Current Date: 17-03-2025

Ұлыбританияда Илон Маскқа қарсы шеру жалғасып жатыр

Ұлыбританияда Илон Маскқа қарсы наразылық шарасы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Шерушілер Лондон мен Манчестердегі Tesla компаниясының көрме алаңына жиналған. Олар «Tesla жойылсын!» деп ұрандатып, Масктың ұстанған саясатын, компаниядағы еңбек жағдайы мен жасанды интеллект саласындағы ықпалын сынға алды. Сондай-ақ зауыттардағы жұмысшы құқы жиі бұзылып, кәсіподақ құруға кедергі жасалып жатқанын да алға тартты. Корольдікте жыл басынан Tesla сатылымы 20%-ке өскен. Бірақ бұған қатысты Илон Маск ешқандай пікір білдірген жоқ.