Current Date: 18-03-2025

Көк түстің құпиясы

Адамзат өркениетінде түстердің таңдалуы кездейсоқ емес. Байырғы дәуірде көк түс тәңірді, шексіз аспанды білдірсе, бүгінде ол цифрлық ғаламның ең ық­палды желісі «Face-book»-тың рәмізіне айналған. Оның өз құпиясы бар.

«Facebook»-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг қызыл мен жасылды ажырата алмайды. Оның көру қабілетіндегі ерекшелік әлемдегі ең танымал әлеуметтік желінің дизайнын қалыптастырды. Яғни Марк үшін көк – ең анық көрінетін түс. Қызығы, психология­да көк түс сенімділік пен тұрақтылықтың белгісі саналады.