Бүгінде брендке айналған «Nike» компаниясының әйгілі «swoosh» логотипін небәрі 35 долларға сатып алған.
1971 жылы Каролин Дэвидсон есімді студент «Nike» негізін қалаушы Фил Найтқа логотип жасап береді. Найт логотипті аса ұнатпаса да, «уақыт өте көзім үйреніп кетер» деп, 35 доллар төлеп, сатып алған. Кейінірек компания табысқа жеткенде, Дэвидсонға акциялар мен қымбат зергерлік бұйымдарды сыйға тартып алғысын білдірген.