Current Date: 14-03-2025

Zhuldyzdy Zhol тележобасы көрерменге жол тартады

Елімізде бұрын-соңды болмаған Zhuldyzdy Zhol 2025 музыкалық тележобасы көрерменге жол тартады.

Жас дарындардың өнердегі жолын ашуға арналған шығармашылық байқау вокал, классикалық және халық аспаптары аталымдары бойынша ұйымдастырылады. Өнер додасына тіркелу мен цифрлық кастинг наурыздың бесінен 25-сіне дейін жүргізіледі. Ал өңірлердегі кастинг сәуірдің бірінен 11-іне дейін ұйымдастырылады. Іріктеуден өткендер Алматыдағы шығармашылық лагерьге жолдама алады. Тележоба мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.