Ақмола облысы Жақсы ауданының білім бөлімі қызметкерлері ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлап отыр.
Күдіктілер білім бөлімінің қызметкерлері үшін жалған сыйақы беру желеуімен 22 млн теңгені қолды еткен.
Аудан прокуратурасы аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталып, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне де тапсырылған.