Current Date: 14-03-2025

"255 мың теңге": Жәнібек Әлімханұлының Астанадағы жекпе-жегінің билеті сатылымға шықты

Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуірде Астанада француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осы кештен дәл бір ай бұрын, яғни 5 наурызда билеттер сатылымға шықты. Билеттің ең арзаны 20 мың теңгеден басталып, 255 мың теңгеге дейін жетеді.

Айта кетейік, аталған бокс кешінде Батыр Жүкембаев, Сұлтан Зәуірбек, өзбекстандық Баходир Жалоловтар да жұдырықтасады деп жоспарланған.

Жәнібек Әлімханұлы мен француз Анауэль Нгамиссенге арасындағы жекпе-жек 5 сәуірде елордада өтетін ірі кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ. Қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жегінде екі бірдей чемпиондық белдігін қорғайды.