Current Date: 21-03-2025

Ыстамбұл мэрі “қылмыстық ұйымның жетекшісі“ деп аталды: қазір не болып жатыр?

Түркияда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу мен оның серіктестерінен жауап алу басталды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazete Oksijen-ге сілтеме жасап.

Тергеу аясында ұсталған 87 адамнан, соның ішінде Экрем Имамоглудан жауап алынып жатыр.

"Ыстамбұл прокуратурасы "Қылмыстық ұйымды басқару", "Қылмыстық ұйымға қатысу", "Өкілетін теріс пайдалану", "Парақорлық", "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық", "Дербес деректерді заңсыз алу" және "Тендерлерді өткізу кезінде айла-шарғы жасау" айыптары бойынша Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу мен басқа 99 адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр", — деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар, Имамоглудың өзіне, және тағы бірнеше адамға қатысты "террористік ұйымға қолдау көрсетті" деген айыппен тергеу жүргізіліп жатыр.

Операция барысында 87 адам ұсталып, Ыстамбұл полиция бөліміне жеткізілді, оның ішінде Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу да бар.

Имамоглуға қарсы жеті түрлі айып бойынша тағы екі тергеу басталды. Ыстамбұл прокуратурасының мәлімдемесінде Имамоглу "қылмыстық ұйымның жетекшісі" атанғаны айтылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!