Current Date: 21-03-2025

Ақмола облысындағы Бестөбе кен орнында кенші қаза тапты

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ақмола облысындағы Бестөбе кен орнында кенші қаза тапты. Тағы 2 жұмысшы Степногорск ауруханасына жеткізілген. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, оқыс жағдай кеше болған. Кеншілер 700 метр тереңдікте ағаш бекіткішті орнату кезінде тау жынысы құлаған. Жазатайым жағдайдың себептерін анықтау үшін өңірдің еңбек инспекциясы мамандарынан арнайы комиссия құрылды. Ал, полиция қылмыстық іс қозғады.

Динара Жарқынбек