Израильде билікке қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты.
Тәртіп сақшылары Иерусалим көшелеріне шыққан жұртты тарату үшін су шашты.
Шерушілер Биньямин Нетаньяху үкіметі Газа секторында әскери операцияны қайта бастап, ахуалды одан әрі ушықтырды деп наразы. Шеруге қатысушылардың арасында ХАМАС тобы тұтқында ұстап отырғандардың туыстары да бар. Олар Израиль шабуылды одан әрі жалғастырса, жақындарын босатып алуымыз қиындай түседі деп алаңдайды. Нетаньяху билігінің мәлімдеуінше, қазір ХАМАС 59 адамды кепілде ұстап отыр.