Current Date: 27-03-2025

Air Astana Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағытында ұшатын жолаушыларға үндеу жасады

Air Astana өкілдері Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағытында ұшатын жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Air Astana әуекомпаниясы Алматы-Лондон және Лондон-Алматы бағыттарындағы KC663/664 рейстер 21 наурыздан 22 наурызға шегерілгенін хабарлайды.

Рейстің кешіктірілуіне электр подстанциясындағы өрт салдарынан Хитроу әуежайында электр құрылғыларының істен шығуы себеп болды", — делінген хабарламада.

Компания өкілдері рейс статусын әуекомпанияның сайтынына тексеріп отыруды еске салды.