Current Date: 14-03-2025

Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

4-5 наурыз аралығында Норвегияның Тронхейм қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында Ербол Хамитов LW12 классында спринттік жарыста 2:42.45 уақыт нәтижесімен мәре сызығын үшінші болып кескен.

Дәл осы дисциплинада бразилиялық Вестемайер Рибера Кристиан (2:42.06) чемпион атанса, украиналық Баль Павло (2:45.93) күміс медальға қол жеткізген.

Айта кетсек, жуырда пара спортшы пара шаңғы жарысынан әлем кубогында 10 км қашықтықты 27:30,3 уақыт нәтижесімен бағындырып, екінші орынға ие болған еді.

Аталмыш чемпионат 2026 жылы Милан — Кортинада өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына рейтингтік жарыс болып табылады.

Бұдан бөлек, Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем чемпионы атанып, Қазақстанға тарихи жүлдені сыйлады. Бұған дейін Қазақстан әлемдік додада пара биатлоннан алтын медаль алмаған.