Current Date: 21-03-2025

Түркістанда Ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойланды

«Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасы «Керуен сарай» туристік кешені аумағында өтті, деп хабарлайды 24kz.

30-ға жуық киіз үй тігілді. Жиналған жұрт жергілікті шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарды тамашалап, қазақ халқының бай мәдениетімен танысты. Ал қылқалам шеберлерінің туындылары көздің жауын алды. Ұлттық тағамдар көрмесінде аспаздар ұмыт бола бастаған тағам түрлерін қайта жаңғыртты. Арқан тартыс, қазақ күресі, қошқар көтеру, асық ату сияқты ойындар көпшілікті тәнті етті.

Арман Әлиев, театр директоры:

- Киіз үйлердің атауларының өзі керемет. «Мейірім» ауылы, «Палуандар» ауылы, «Ақындар» ауылы, «Ұстаздар» ауылы. Халық дән риза. Көктемнің көтеріңкі көңіл-күйі. Қазақ еліне Наурыз құтты болсын! Берекелі, құт жылы болсын!