Олардың басым бөлігі — ер адамдар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2025 жылдың өзінде 53 балаға Наурыз сөзімен байланысты есім қойылған. Ата-аналар балаларының есімі арқылы олардың тағдырына ізгі тілек білдіреді, жақсы өмір сүруіне ықпал етеді деп сенеді. Бұл пікірді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов та қолдайды.
– Қазақ халқы балаға есімді ырымдап қояды. Бұл – өзіндік философиясы бар үрдіс. Ат адамның тағдырына әсер етеді. Өйткені бала өз есімінің мағынасы мен оған қойылған себепті естіп, түсініп өседі. Сондықтан әрбір ата-ана ұрпағына ат қоярда ойланып, салмақтап барып шешім қабылдағаны дұрыс, – дейді сенатор.
- Наурызбайлар мен Наурызгүлдер ең көп таралған өңір — Маңғыстау облысы (282 адам).
- Түркістанда – 172, Қызылордада – 165 тұрғын бұл есімді иеленген.
- Шымкент қаласында 83, Астанада – 62, Алматыда – 42 Наурыз есімді азамат бар.
- Бұл есім сирек кездесетін өңірлер: Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Абай облыстары.
Ең егде Наурыз есімді азамат 84 жаста. 2023 жылы бұл есім 9 нәрестеге берілген. Сонымен қатар елімізде Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді, оның төртеуі – әйел адам.
Соңғы 30 жылда 1000-нан астам балаға Наурыз есімі қойылған. Бұл Наурыз мерекесінің халық санасындағы маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.