Маңғыстау облысында білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталған , деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәселен бір педагог 2024 жылы наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қаласы) «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс жасаған. Осыған ұқсас деректер, орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталған.
Облыстың прокуратурасының хабарламасында: «Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды», делінген облысының прокуратурасының хабарламада.