Current Date: 25-03-2025

Түркиядағы қазақстандықтарға үндеу жасалды

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға демонстрациялар мен митингілерге қатысудан аулақ болуды ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

"Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамыз. Сондай-ақ қырағылық танытып, ресми жаңалықтарды қадағалап, билік нұсқаулықтарын орындау маңызды. Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуды сұраймыз", — делінген елшілік хабарламасында.

Сонымен қатар елшілік қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде демонстрациялар мен митингілер туралы ақпарат таратудан, сондай-ақ ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке пікір білдіруден бас тартуға шақырды.

Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:

1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496

2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465

3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522

4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789