« Семей » футзал клубы Қазақстан кубогының иегері атанды, деп хабарлайды 24kz.
Алматылық «Қайрат» командасын 5:1 есебімен жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет осындай биік мәртебеге ие болды. Бұл жеңіс Семей үшін тарихи сәт. Команданы жерлестері әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды. 2023 жылы ғана құрылған клуб қысқа мерзім ішінде жоғары жетістікке жетіп отыр. Жиналған қауым спортшыларды құрметпен қарсы алып, ақсақалдар ақ батасын берді.
Рауан Атантаев, «Семей» клубының вице-капитаны:
- Осы жеңісті біз Семей қаласына және Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арнаймыз. Ең бастысы, біздің жанкүйерлер Қазақстанның ең үздік жанкүйерлері деп атап өтуге болады. Олар Талдықорған, Астанада болсақ та өзімізді Семейдегідей сезінеміз, сол жанкүйерлерге мың алғысымызды айтамыз.
Айбек Естаев, жанкүйер:
- Үлкен тарихи жеңіс деп айтуға болады. Шын жүректен құттықтаймын, Семей халқын, жанкүйерлерді, жігіттерді шын жүрегімнен құттықтаймын.