Қазақ футболының басты хейтері Қуат Хамитов Уэльстен жеңілгеннен кейін бас бапкердің міндетін атқарушы Әли Әлиевтің баспасөз жиынында айтқан пікіріне қарсы шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп.
«Бүгін жеңілгеніңмен, ертең қайта ойнағанда басым түсуге болады. Өйткені бұл жоғалтқан ақшаңды қайтара алмайтын бизнес емес. Бұл — футбол. Келесі ойында жеңіске жету қажет, сонда моральдық және эмоционалдық жағдайды қалпына келтіре аламыз», — деді Әли Әлиев баспасөз мәжілісінде.
Ал әлеуметтік желілердің біріндегі пабликте ММА шебері Қуат Хамитов бұл пікірмен келіспейтінін айтты.
«Футбол керсінше бизнес. Сол футбол атты бизнестен Қазақстан халқы 30 жылдан бері зардап шегіп келеді», — дейді спортшы.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші матчын наурыздың 25-інен 26 қараған түні Вадуцта Лихтенштейнмен өткізеді.