Current Date: 26-03-2025

Қазақтың гастрономиялық мұрасы - сүр ет өндіретін цехтың жұмысы

Күн мен түн теңесіп, айнала гүлдене ерекше шуаққа бөленетін кез бар. Қар еріп, құстар әндетіп, табиғат жаңаратын кез. Ескіні қол бұлғап шығарып салатын сағындырған кез. Нау – жаңа, руз – күн. Шуақты мезгілдің атауының өзі де жаңаруды білдіреді. Наурыз бен саяхатты бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Қозғалыс, жол, жаңару өмірдің маңызды бөлігі болған көшпелі мәдениеттен бастау алады бұл мейрам. Біздің ата-бабаларымыз үшін көктем жыл мезгілінің жай ғана ауысуы емес, жаңа жолға шығудың белгісі болған!