Current Date: 26-03-2025

Үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

- "Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 260 арнайы техника мен 574 маман жұмылдырылды.