Current Date: 29-03-2025

Батыс өңірге құлаған бейұшақтарға қатысты тергеу жүріп жатыр

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қазір Батыс Қазақстан облысында бірнеше рет табылған белгісіз дрондарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс вице-министрі Шайх- Хасан Жазықбаев айтты. Вице-министрдің сөзінше, Бөкей Орда ауданында сынақ полигоны, оның әуе кеңістігі де бар. Бұл техникалық ақау болуы да мүмкін деді Жазықбаев. Вице-министр бұл жағдай бойынша барлық құзіретті органмен жан-жақты тергеу жүріп жатқанын да жеткізе кетті.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында белгісіз бейұшақтың сынықтары табылды. Ұқсас бейұшақ осы жылдың 19 ақпанында облыстың Бөкейорда ауданы, Ұялы ауылы маңында табылып, бұл жайт қоғамды алаңдата бастаған еді.

Шайх-Хасан Жазықбаев, Қорғаныс министрінің орынбасары:

Бөкей-Орда ауданында ұшақ сынақ полигоны бар. Ол тек қана боевой поле емес, әуе кеңістігі де бар ол полигонда. Мүмкін ол техникалық ақау шығар сыртқа шығып кеткен. Немесе тағы да басқа шығар. Нақты айту тергеу біткенше дұрыс емес деп ойлаймын. Не себептен ол жерге құлағанын ұшқышсыз аппараттың, тергеу қорытындысы бойынша шешім қабылдаймыз.

Айдана Қуантхан