Әлеуметтік желілерде Ақтөбеде полицей өлі табылғаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
"Тұрғылықты жерінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіт табылды", – деп мәлімдеді ведомство өкілі.
Полиция мәліметінше, қызметкер бұған дейін ота жасатып, емделіп жүрген.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты.
Оған дейін Алматыда жанжал кезінде жарақат алған полицей ауруханада көз жұмғаны хабарланды. Кейін Астанадағы спорт кешенінде де полицей қайтыс болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!