Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешенінің жанынан 19 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға «Кәусар» тұрғын үй кешенінде 27 наурыз күні таңертең болды. 19 жастағы қыз биіктен құлап кеткен.
«Алмалы аудандық ІІБ-нің полиция бөлімшесі 19 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады», — деп хабарлады Алматы қалалық ПД.
Тәртіп сақшылары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.