Current Date: 30-03-2025

Маңғыстауда халықаралық шараға дайындық басталды

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Маңғыстауда «Ақтау — Түркі әлемінің мәдени астанасы – 2025» жобасының ашылу салтанатына дайындық басталды. Халықаралық шара 5-сәуір күні Каспий теңізінің жағалауында өтеді деп жоспарланған. Соған орай, 15-шағын аудандағы жағалауда жаңадан сахна салынуда. Концерттік бағдарламада 300 дей жергілікті өнерпаз бен түркі елдерінен келген 200-ге жуық әнші өнер көрсетпек. Сонымен қатар, 20 дан астам киіз үй тігіліп, облыстағы 5 аудан мен Ақтау қаласының атынан этно-ауылдар ашылады. Қазір соның құрылысы жүріп жатыр.

Нұрболат Көшкінбайұлы, Маңғыстау облыстық ғылыми әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

Бұл Дархан дала әтноауыл қалашығы салынып жатқан. Қазір мына 6 ауданға бөлінген. Әр қалашыққа 2 алты қанатты киіз үй және бір темір үй тігіледі. Осы барлық қалашықтарда қолөнер шеберлерінің көрмесі және жәрмеңкесі өтеді.

Аягөз Оралбайқызы