Current Date: 31-03-2025

Сейсмикалық жағдайды бақылайтын жедел штаб құрылды

Жедел штаб Қазақстанның ТЖМ командалық орталығының базасында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі және аумақтық бөлімшелермен бейнебайланыс орнатылды.

Министрлік жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін хабарлады.

Сондай-ақ аймақтағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

ТЖМ мониторинг жалғастырып Жамбыл облысындағы жағдайды тұрақты деп бағалап отыр.

«Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда ден қоюға дайын. Жамбыл облысында 5 химиялық қауіпті нысан орналасқан. Мамандар оларды зерттеу үшін өзара іс-қимыл ұйымдастырды, қауіп жоқ», делінген ТЖМ хабарламасында.