Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін жасанды құрылыстарға еш зақым келген жоқ. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды .
"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, Жамбыл облысының аумағында болған жер сілкінісінен кейін жолшылар инфрақұрылымның жай-күйін шұғыл тексеріп шықты.
Мамандар Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы 5 жолайрық, 2 теміржол өтпесі мен 3 көпірді мұқият тексеріп, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізген.