Current Date: 14-03-2025

Елімізде соңғы бес күнде қар құрсауынан 255 адам құтқарылды

Соңғы 5 күнде құтқарушылар 255 адамды қар құрсауынан аман алып шықты, деп хабарлайды 24kz.

Сондай-ақ омбылаған 100 автокөлік шығарылды. Осы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн райы күрт нашарлап, күре жолдар жабылған. Алайда дауылды ескертулерді ескермегендер құтқарушыларды біраз әуре-сарсаңға салды. Мәселен, Ақтөбе облысында құтқарушылар 33 шетел азаматын эвакуациялады. Сонымен қатар қостанайлық құтқарушылар сырқаттанған әйел адамның ауруханаға жетуіне көмектесті. 5 наурызда Федоров ауданында Рудный – Қашар –Федоровка автожолының 25-шақырымында 59 Тәжікстан азаматы мінген автобус жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар автобусты жол жиегіне сәтті шығарған.