Current Date: 31-03-2025

Астанада дипломаттарға арналған «Наурыз балы» өтті

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бүгін Астанада дипломаттарға арналған «Наурыз балы» өтті. Әр елдің елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау, Еуропалық Одақ сынды түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосқан шарада ұлтымыздың салт-дәстүрі ұлықталды.

Кішкентай Хақназар есімді балақайдың тұсауын ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Рашед Мұстафа Сарвар кесіп, ақжарма тілегін білдірді. Шетелдік қонақтар асық ойнап, ләңгі теуіп, көрісу, қыз қуу сынды дәстүрімізбен танысты. Нақышына келтіріп қазақтың әндерін де шырқады. «Наурыз балы» — Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей ұйықты болуымен ұйымдастырылды. Төл өнерімізді ұлықтап, халықаралық мәдени ынтымақты дамытып, насихаттап, Наурыз мейрамының мән-маңызын шетелдік өкілдерге таныстыру, шараның басты мақсаты.

Рашид Маанину, Марокко корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Мен Марокконың елшісімін. Қазақ халқын Наурыз мейрамымен Рамазан айымен құттықтаймын. Қазақтың салт-дәстүрі өте бай. Дастарханы мол халық. Қонақжай Қазақ елімен достығымыз арта берсін.деп тілеймін.

Джордж Панамтундил, Ватиканның Қазақстан Республикасындағы апостолдық нунцийі:

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы Құтты болсын. Баршаңызға құт-береке әкелсін.

Самал Қабышева