Current Date: 31-03-2025

Тақияны хиджабтың үстінен киіп қор қылмаңдар – Айгүл Елшібаева

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желідегі парақшасында хиджап киетіндерге қатысты пікір білдіріп, қазақтың ұлттық киімдерін қорламауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Хиджаптың үстінен тақия киіп, қыздар киетін тақиямызды қор қылмаңдар. Қазақта қыз – тақия, әйел – орамал, кемпір – кимешек киген. Сендердің хиджаптарыңның үстінен тақия кигенді көрген ана ғасырдың адамы ‘мынау кемпір ме, әлде қыз ба? деп таң қалар. ‘Кемпір-қыз’ атты жаңа туынды деп түсінер. Я – кемпір бол, я – қыз болыңдар», — деді ол.

Сондай-ақ, әнші кейбір адамдардың ұлттық дәстүрге сай келмейтін киіну мәдениетін сынға алып:

«Салафит қатындар қазақтың қыздарының киімін қор қылып, салафизмді жастарға насихаттаудың қулығын жасап жүр. Бірақ бұл әрекеттер салт-дәстүрді білетін қазаққа ерсі болып көрінеді», – деп жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айгүл Елшібаева???? (@aigulyelshibayeva01)