Жарық! Біздің тұрмыс көп жағдайда электр тогына тәуелді. Күнделікті өмірде қолданатын технологияның бәріне қуат керек. Ал оны тиімді пайдаланып, тарату үшін трансформаторлар қажет. Бұл қондырғылар энергияны алыс жерге жеткізеді, кернеудің күшін реттейді, шығын көлемін азайтады. Соның арқасында үйдегі, өндірістегі және қоғамдық орындардағы электр қуаты – тұрақты әрі қауіпсіз. Адамдардың тұрмыс сапасын жақсартқан осындай күрделі құрылғыны кімдер жасап шығарады?