0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Елімізде радиоактив қалдықтарды игеру жөніндегі жаңа заң жобасы әзіреленеді. Алматыда мәжіліс депутаттары ядролық институт ғалымдарымен кездесіп, жаңа құжаттың жобасын талқылады. Кездесуде Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов, жаңа заңнамалық нормалар елде АЭС салу, атом саласын дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды көздейтінін айтып өтті. Бұл ретте МАГАТЭ-нің халықаралық талаптары қатаң ескерілетінін де алға тартты.
Жиналыс аясында институт қызметкерлері шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, АЭС үшін кадр даярлау, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу, атом саласының ел экономикасына толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасау бойынша бірқатар ұсыныс айтты.
Сергей Пономарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жаңа құжатты әзірлеу барысында МАГАТЭ-нің халықаралық талаптарын негізге аламыз. Жаңа заң жобасы қоғамдағы туындаған түрлі сауалдарға жауап береді. Ал кездесудің ядролық институтта өтуі де бекер емес. Дәл осы мекемеде АЭС-тің шағын көшірмесі саналатын зерттеу реакторы бар. Бүгін біз сол ректордың жұмысымен таныстық.
Айдана Қуантхан