Current Date: 01-04-2025

АҚШ-та қызылша жұқтырғандар саны артты

АҚШ-та қызылша жұқтырғандар қарасы көбейді.

Олардың саны 378-ге жеткен. Тағы екі адам көз жұмды. Кейінгі 10 жылда Құрама Штаттарда қызылшадан адам өлімі болған емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, қызылша жұқтырғандардың көбі екпе салдырмағандар. Құрама Штаттарында мектепке дейінгі балалардың тек 80% ғана вакцина алған. Ал мамандар «жұқпалы дертке қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін вакциналау деңгейі 95% кем болмауы тиіс», дейді.