Current Date: 02-04-2025

Тайландта қазақстандық туристер мінген катер жарылды (ВИДЕО)

Тайландта қазақстандық және ресейлік туристер мінген катер жарылып, өртенген. Оқиға кезінде кемеде 31 турист болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ТАСС ақпараттық агенттігі мәлімдеді.

Оқиға Таиландтың оңтүстігіндегі Пхукет провинциясында орын алған. Катерде барлығы 31 адам болған. Оның ішінде қазақстандық және ресейлік туристер бар.

“Борттағы 30 адам суға түсіп үлгерген. Ал катерде қалып қойған бір ресейлік азаматтың аяғы күйген. Зардап шеккен адам жедел эвакуацияланып, қажетті көмек көрсетілді”, – делінген Тайландтың туристік полициясының мәліметінде.

30 адамның денсаулығы жақсы, ешкім жарақат алмаған. Оқиғадан кейін туристер қонақ үйлеріне оралған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)