Бүгін Ыстамбұлда Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздің екінші кезеңі өтеді.
Қос тарап бұл жолы нақты ұсыныстарды жазбаша түрде ұсынуға тиіс. Басты мақсат – соғыс қимылдарын тоқтату мүмкіндігін қарастыру. Бүгінгі кездесу Долмабахчеде емес, Чираған сарайында өтеді. Жоспар бойынша келіссөз жергілікті уақытпен сағат 13:00-де басталады. Бұл Астана уақытымен түскі үштің шамасы. Ресей делегациясы Ыстамбұлға кеше кешкісін жеткен. Украин тарапы да толық құрамда дайын отыр. Бұл кейінгі 3 жылда алғаш рет қайта жанданған диалогтың жалғасы. Алғашқы раунд екі апта бұрын өтіп, "1000-ға 1000" формуласы бойынша әскери тұтқындар алмасумен аяқталған еді. Ол уақытта 3 күн ішінде 1800-ден астам адам үйіне оралған.