Қостанай облысының Тобыл қаласында балаларға қосымша білім беру орталығы пайдалануға берілді.
Бұған дейін түрлі ғимаратқа көшіп жүрген балалар шығармашылық үйі мен музыка мектебі жаңа орталыққа орналасты. Бұл жерде жеткіншектердің түрлі бағытта дағды-қабылетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
Соңғы бір-екі жылда ғана өңірде он шақты заманауи білім беру нысандары бой көтерді. Солардың қатарын енді Тобыл қаласында жаңадан салынған балаларды қосымша оқыту орталығы толықтырып отыр. Ашылу салтанатындағы құттықтау сөзінде облыс әкімі осының бәрі Ел Президентінің тікелей тапсырмасымен іске асып жатқандығын атап өтті.
Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:
- Облысымызда балаларға арналған жақсы бір үлкен шығармашылық орталығы ашылып жатыр. Енді балалар осы жерде жақсы білім алып, өздерінің қабылеттерін артып, таланттарын ашып, үлкен жетістікке жетеді деп сенемін.
Музыка мектебінде он аспап түрі бойынша 300-ге жуық бала білім алады. Өнерлі өрендер, олардың ұстаздары жаңа, жайлы орталыққа көшкендеріне дән риза.
Гауһар Мұхамбетова, музыка мектебінің домбыра пәні мұғалімі:
- Бұрын арендада болғанбыз біз. Енді қазіргі ғимаратпен, қазіргі жаңа мектеппен салыстыруға тұрмайды. Балалар өте ыңғайсызданды. Жағдай болған жоқ. Енді мынау қазіргі кең сарайдай ғимарат. Әдемі, жайлы.
Ал енді шығармашылық үйінің тәрбиеленушілеріне мұнда мүмкіндік кең. Ауданда 2 мың 200-ден астам бала сегіз бағыт бойыша түрлі үйірмелерге қатысады.
Гүлдана Бекмухамбетова, балалар шығармашылық үйі басшысының орынбасары:
- Бұл жерде робототехника мен инженерияға көп көңіл аудардық. Гидропоникасы бар, содан кейін республикалық деңгейде ондай үйірме жоқ, жеп жатыр, анимация, видео және мобилография ашатын бір студия бар.
Қосымша білім беру орталығында жаңа үйірмелердің ашылуымен шығармашылықпен айналысатын балалар санын 500-ге дейін арттыруға мүмкіндік бар.
Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров