Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Трендтер

Тоқаев Ақордада Руанда президентін қарсы алды

Тоқаев Ақордада Руанда президентін қарсы алды

Ақорда резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Руанда Республикасының президенті Поль Кагамені салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Руанданың әнұрандары шырқалды.

Құрмет қарауылы. Фото: Ақорда

Айта кетейік, Ақорданың баспасөз қызметі осы аптадағы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шараларды хабарлаған еді.

Атап айтқанда, 28 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының төрағасы Анке Релингермен кездесу өткізеді.

28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді.

28-29 мамырда Астанаға Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.

29 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Сондай-ақ 30 мамырда елімізге Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші “Орталық Азия – Италия” саммиті өтеді.