Current Date: 09-06-2025

МӘМС арқылы ақша жымқырғандар ұсталды

Міндетті медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері: «30 мың адамға қызмет көрсеттік» деп жалған мәліметтер енгізіп, астыртын ақша жымқырған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасының орынбасарының құйтырқы ісі әшкереленді. Ол 400 млн теңгеден астам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деген күдікке ілікті. Сонымен қатар ол жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысып, қордың ұрланған қаражатын, оның ішінде қымбат мүлікті сатып алу арқылы заңдастыруы мүмкін деген күдікке ілікті. Қазір сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.