Current Date: 09-06-2025

Шерзат Болат ісі: сот отырысының онлайн-трансляциясын 40-тан астам ел көрген

Өткен бейсенбіде марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланды. Сот процесін онлайн-трансляциялау тобының жетекшісі Перизат Сәдуақас-Хайруллина екі айға созылған жұмыстың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шерзат Болат ісі бойынша сот процесі 2025 жылы 10 сәуірден бастап, екі ай бойы Жоғарғы Соттың Youtube желісіндегі арнасында онлайн көрсетілді.

"Бұл процесс өткен екі айға жуық уақыт, әсіресе үкім оқылған күн өте ауыр және эмоцияға толы болды", — деп жазды Перизат Сәдуақас-Хайруллина Facebook желісіндегі парақшасында.

Айтуынша, осы уақыт ішінде 36 хабар — 80 сағаттан астам эфир жүрген.

Жоғарғы Соттың ресми YouTube-арнасындағы тікелей трансляциялардың қаралымы миллионнан асқан.

Трансляцияны 25 пен 34 жас аралығындағы көрермендер көп көрген. Тіпті 13–17 жас аралығындағы көрермендер де болған.

Барлық көрермендердің: 58,3 пайызы әйелдер, 41,7 пайызы ерлер болған.

Жалпы тікелей эфирді 42 ел бақылаған. Олардың қатарында Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Украина, Моңғолия, Қытай, Гонконг, Оңтүстік Корея, Жапония, Вьетнам, Түркия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Ұлыбритания, Франция, Австрия, Германия, Швейцария, Дания, Италия, Испания, Кипр, Латвия, Болгария, Румыния, АҚШ, Канада, Австралия және тағы басқа ел бар.

Шерзат Болаттың қазасы

  • Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың туыстары сот шешімінен кейін қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысты
  • Шерзат Болат ісі: сот куәлерге қатысты шешім шығарды
Тақырып бойынша