Current Date: 13-06-2025

Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Райымбек даңғылының кейбір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматының Алмалы ауданында 1994 жылы пайдалануға енгізілген құбыржолды жөндеу себебімен Райымбек даңғылының бойымен қозғалыс уақытша шектеледі.

"13 маусым сағат 23:00-ден бастап 14 маусым сағат 08:00-ге дейін Райымбек даңғылы бойымен Н. Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін шығыс бағытында автокөліктер қозғалысы жартылай шектеледі. Батыс бағытына қарай қозғалыс ашық қалдырылады", — делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget