Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап , кемі 110 адам қаза тапты.
Бұл туралы ақпарды жергілікті Таймс Нау ((TimesNow)) телеарнасы таратты. Аман қалғандар да бар. Бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз. Ахмедабад қаласынан Лондонға бет алған "Боинг-787" әуе көлігі жерден көкке көтеріле алмай, бірер секунд ішінде дәрігерлер жатақханасының үстіне құлаған. Қазір құтқарушылар үйінділер астынан 30-дан аса адамның денесін шығарды. Ресми деректерге қарағанда, ұшақ бортында 242 адам болған. Олардың 12-сі экипаж мүшелері. Жолаушылардың дені Үндістан, Ұлыбритания, Канада және Португалия азаматтары. Қазір жергілікті әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. Ұшақ тиесілі "Эйр Индиа" әуе компаниясы апаттың мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.