Current Date: 15-06-2025

Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Будапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев 7-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

66 келіде ширек финалға дейін жеткен Ғұсман Қырғызбаев шешуші белдесуде тәжік балуаны Нурали Эмомалиге есе жіберді. Ал жұбабныш белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Хифуми Абэге юко әдісімен жеңілді.

Отандасымыз бүгін жарысты екінші айналымнан бастады. Ол алғашқы белдесуінде Қытай балуанын жеңсе, екінші айналымда Израиль балуанынан басым түсті.

Аталған салмақта финалға тәжік және жапон балуандары шықты. Ал қос қола жүлдені Франция-Тәжікстан және Жапония-Куба балуандары сарапқа салады.

Венгрия астанасында 20 мамырға дейін жалғасатын әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Абиба Әбужақынова (48 келі) күміс медальға ие болды. Сондай-ақ, Мағжан Шамшадин 7-ші орынға тұрақтады.