Current Date: 16-06-2025

Елордалық диспансерде дертіне дауа іздеген талай жан шипа тапты

Астанадағы тері ауруларын емдейтін диспансердің құрылғанына 90 жылға жуықтады. Содан бері онда дертіне дауа іздеген талай жан шипа тапты.

Бүгінде мекеме бас қаладағы 3-ші көпбейінді аурухананың құрамында. Мұндағы дәрігерлер кейбір аурудың жасарып бара жатқанын айтып, дабыл қағып отыр.

Антына адалдық танытқан жандардың бірі – Вера Красноярова. Оның ақ халатты атанып, мұнда қызмет еткеніне 41 жылдан асыпты. Тәжірибелі неврологты іздеп келіп қаралатындар бар. Ал дәрігердің өзі қазір көп ауру жасарып бара жатыр деп алаңдайды.

Вера Красноярова, невропатолог дәрігер:

- Тәжірибелі дәрігер ретінде айтарым әр адам, өз денсаулығына зор жауапкершілікпен қарауы керек. Себебі қазір көп аурудың ішінде инсульт жасарып барады. Бұрындары 60-70 жас шамасындағы адамдар ауыратын. Қазір 20-30 жаста, инсульт алып жатқандарды көріп жүрміз. Бұл дегеніміз түрлі қан-тамырлары ауруларын асқындырып, қаралмағаннан тууы мүмкін. Мәселен қант диабеті, гипертония, түрлі жүйке ауруларының салдарын дер кезінде емдеу қажет.

Сондай-ақ бүгінде тері ауруларының созылмалы түріне шалдыққан науқастар көбейген. Бұрын сирек кездесетін, псориаз бен дерматит жас сәбилер арасында белең алып отыр, дейді дәрігерлер. Дұрыс тамақтанбау да ауруды ушықтыра түсуі мүмкін. Ал, болмашы нәрсеге күйгелектену де кері әсер етеді.

Жұлдыз Данбаева, №3 қалалық Көпбейінді аурухананың бас дәрігері:

- «Псориаз» деген ауру бар, білесіздер. Қазір сол экзема аурулары да өте көп. Ол генетикалық тұқымына байланысты және нерв, жүйке-тамырына байланысты. Айтып өткендей, саны көбейіп отыр. Бұрын көбісі бізге келмей, өздері емделіп жүретін. Қазір ақпараттық жүйеден кейін саны бәрі тіркеліп, қазір саны өте көп. Псориаз ауруын тек қана үлкен адамдар ауырса, қазір енді 3, 6 жастан бастап ауыратындар кездеседі.

Өз-өзіне дәрі тағайындау салғырттықтың белгісі. Пульманолог Сарапгүл Ералықызы осылай дейді. Айтуынша, алдына ауруын асқындырып бірақ келетіндер көбейген. Дертке шипа табылғанымен, кей ауру созылмалы болып кетуі мүмкін.

Сапаргүл Ералықызы, пульмонолог дәрігер:

- Сол себептен дәрігердің қарауынсыз менде аллергиялық жөтел деп, аллергиядан дәрілер ішуі мүмкін. Олда дұрыс емес. Оның барлығын дәрігердің қарауынсыз, дәрігердің бақылауынсыз бей-берекет дәріханалардағы фармацевтар ұсынған дәрілерді іше беруге болмайды. Ол үшін міндетті түрде аллергиялық болса аллергияға қарсы тексерулерден өтіп, дәрігердің қарауымен ғана қолдану керек. Жөтелден тек қана жөтелдің дәрісі ғана көмектеспейді, оған әрине, мүмкін аллергиялық дегенде бронхиалды демікпенің алдын алу үшін мүмкін ингаляторлар қолдану керек болуы мүмкін.

Мұндағы ақ қалаттылар: «Дәрігер болу үшін әуелі адамгершілік пен мейірім керек», — дейді. Себебі олар алдына келген науқастың ауруынан бұрын көңілін емдейді.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Қанат Махмұтов