Current Date: 17-06-2025

Газа секторындағы шабуылдардан бір тәулікте 66 адам қаза тапты

Газа секторында соңғы 24 сағат ішінде Израильдің әуе соққылары салдарынан кем дегенде 66 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Палестиналық анклавтың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруханаларға 68 адамның мәйіті жеткізілген, олардың екеуі – бұрын қаза тауып, үйінді астынан енді ғана табылғандар. Сонымен қатар, 182 адам түрлі жарақаттармен медициналық көмекке жүгінген.

Сонымен қатар Израиль армиясы 18 наурызда әскери әрекеттерді қайта бастағаннан бері Газа секторында 5 139 адам көз жұмып, 16 882 адам жараланған.

Жалпы алғанда, 2023 жылдың 7 қазанынан бастап басталған қақтығыстар салдарынан 55 432 палестиналық қаза тауып, 128 923 адам жарақат алған.