Current Date: 14-03-2025

Астанада «Аяулы ана» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Елордада халықаралық әйелдер күніне орай «Аяулы ана» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Конкурс шарты бір-бір шаңырақтың түтінін түтеткен отанасы болумен қатар, қоғамдық өмірге де белсене араласып жүруі тиіс. Байқауға қатысу үшін еліміздің әр өңірінен мыңға жуық ана өтініш білдірген. 2 кезеңнен сүрінбей өткен тек жүз әйел үздік атанып, «Аяулы ана» төсбелгісімен марапатталды. Ұйымдастырушылар осылайша салт-дәстүрді дәріптеп, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген ақжаулықты аналарды қоғамға үлгі етуді көздеген.

Саят Нәбиев, «Bilim orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы басшысының орынбасары:

Алдымен толық отбасы болу керек, бірнеше баланы тәрбиелеп отыру керек, сондай берекесі артқан үлгілі отбасында ана қызметін атқарып жатқан осындай аналарымыздың еңбегін бағалау мақсатында өткізіліп жатқан конкурс бұл.

Бұдан бөлек аталған төсбелгімен еліміздің іскер әйелдері, педагогика мен медицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен аяулы аналар да марапатталды.

Зәуреш Темірбекқызы, «Аяулы ана» төсбелгісінің иегері:

Мен Шалқар ауданы, Тұмакөл елдімекенінің 44 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан медбикесімін. Сол неше жылғы еңбегімді елеп, әкім мені осы марапатқа ұсынды. Қуаныштымын еңбегімнің еленіп, 44 жылдан кейін осы марапатқа ие болып жатқаныма.

Аида Ахметбек