Current Date: 19-06-2025

Қазақстан нарығына AI технологияларына негізделген жаңа смартфон келді

Фотограф Асқар Бумаганың айтуынша , оны "жылжымалы фотостудия" деп атауға болады.

Алматыда мобильді фотосурет өнеріне жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын Honor 400 смартфонының тұсаукесері өтті. Оның басты ерекшелігі – қазіргі таңда қолданыстағы жасанды интеллект элементтері барынша енгізілген.

Компанияның Қазақстандағы өңірлік директоры Джонибек Вэйдің айтуынша, жаңа құрылғы мобилді технологиялардың деңгейін бір саты жоғары көтереді.

"Жаңа смартфонның интеллектуалды жүйесі иесінің өмір салтына бейімделеді және ол арқылы көп нәрсені үйренеді. Сәйкесінше, оған жай гаджет емес, шығармашылық құралы, күнделікті көмекші ретінде қараған абзал", – деп атап өтті ол.

Смартфонды тестілеуден өткізген кәсіби фотограф Асқар Бумаганың айтуынша, мобильді құрылғы AI (жасанды интеллект) көмегімен шығармашылық идеяларды еркін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Фотограф шара барысында жаңа смартфонмен түсірген фотосуреттерін таныстырды. Шағын ғана көрмеде ол күндіз және түнгі уақытта, қозғалыс кезінде және кездейсоқ түсірілген суреттерін де қойған.

Фотограф смартфонның жасанды интеллектіге негізделген жаңа функциялары қарапайым қолданушылардың кәсіби деңгейде сурет түсіруіне мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

Honor 400 смартфонының технологиялық ерекшеліктері туралы арнайы шолудан оқуға болады.